• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2020

Қостанай облысының бірнеше елді мекенінде дәрігерлер жаңа көлікке мінді

176 рет
көрсетілді

Соңғы 3-4 жыл ішінде Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жуық қаржыға 40-тан астам санитарлық автокөлік және 20-ға жуық реанимобиль сатып алынған. Аймақта медициналық мекемелердің техникалық паркін жаңарту әлі де жалғасуда. Мәселен, бүгін ғана Қостанай аудандық ауруханасына 5 бірдей жаңа көлік берілді.

«УАЗ» маркалы жаңа автокөлік кілттері Тобыл қаласының жедел жәрдем станциясына және Надеждинка, Озерный ауылдық ауруханасына тапсырылды.

Көлік кілттерін автокөлік жүргізушілеріне аудандық аурухананың бас дәрігері Сырлыбек Мещанов табыс етті.

- Бұл машиналар науқас тасымалдауға арналған. Жолай сырқаттың жағдайына мониторинг жасауға мүмкіндік бар. Автокөліктер GPS-навигаторлармен жабдықталған. Облыста қазір медициналық технологияларды, жедел санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінген, - деді бас дәрігер.

 

 

Қостанай облысы