• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Мамыр, 2020

АҚШ-та жұмыссыздар саны 39 миллионға жетті

314 рет
көрсетілді

«Associated Press» ақпарат көзінің хабарлауына қарағанда, АҚШ-та соңғы екі айда коронавирус салдарынан жұмыссыз қалып, мемлекеттік жәрдемақыға мұқтаждық танытқан адамдар саны  39 миллионға жетіпті.  

Тек өткен аптада 2,4 миллион адам жұмыссыз қалу салдарынан берілетін жәрдемақыға жүгіне, елдегі жұмыссыздық деңгейі өткен сәуір айында 14,7 пайызды құраған екен.

АҚШ-тың Федеральдық қорының директоры Жером Пауэлл мәлімдеуіне қарағанда, елдегі жұмыссыздық деңгейі алдағы айларда 20-25 пайызға артары анық. Бұл жағдай бұдан 90 жыл бұрын қайталанған экономикалық дағдарыспен бірдей болмақ көрінеді.