• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді

137 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шығыс Қазақстан облысында 1966 жылғы әйел адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлады.

Алгоритмге сәйкес, азаматшадан вирусты жұқтырған 1963 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты ПТР анализдері қайтадан алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Қазіргі уақытта пациент жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды және тиісті ем алып жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 60 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 44.