Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақмола облысында тағы 3 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Ақмола облысының Целиноград ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған 1990 жылғы ер адам.
Қонақ шақырғанның салдарынан 2012 жылғы қонақ болып келген бала коронавирусты жұқтырған. Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы пәтер иесінің қызынан да COVID-19 вирусы табылды.
Қазіргі уақытта үшеуі де жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мамандары вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста вирусты жұқтырған 145 адам анықталған, олардың 127-сі Целиноград ауданында, қалған науқастар Көкшетау қаласында және Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды аудандарында анықталған.