«Электронды үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді. Енді оны мерзімі өткен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған, құжатты жоғалтқан немесе ұрлаған кезде пайдалануға болады. Көрсетілетін қызметті жеке тұлғалар пайдалана алады.
«Біз тұрақты және тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кері байланыс жасаймыз. Азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар жеке кейстер ретінде қаралады және пысықталады. Бұл сондай-ақ онлайн режимде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процесін жақсартуға және жеңілдетуге ықпал етеді», - деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілетін қызметті алу үшін порталға eGov.kz кіру және «Көлік және коммуникация» қосымша бетін таңдау керек. Бұдаң соң «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» көрсетілетін қызметін таңдау қажет. Сондай-ақ порталда авторлану және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіп, барлық міндетті алаңдарды толтыру, фотосуретті және қол қою үлгісін жүктеу керек. Бұдан әрі 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жасап, ЭЦҚ көмегімен қызметке қойылуы тиіс.
«Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» жолын таңдаған кезде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті жүктеу қажет. Іс-әрекет ету мерзімі өткеннен кейін 083-У медициналық анықтаманы, жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасынан анықтаманы тіркеу қажет. Көрсетілетін қызмет ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетімен бірге жетілдірілген.