Өзбекстан Реуспубликасының Бас прокуратурасы Telegram арнасында Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде ресми мәлімет хабарлады.
«Сырдария облысының Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды. Оларға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды. Шындықты анықтауға кедергі туындамас үшін іс бойынша оған қатысты басқа да мән-жайлары айтылмайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылған болатын. Салдарынан Түркістан облысының 4 ауылы су астында қалды. Осы апатқа байланысты қылмыстық іс 3 мамырда қозғалған еді.