• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2020

Атырау: Полицейлер құжат рәсімдеуге көмектесіп жатыр

238 рет
көрсетілді

Облыстық полиция  полиция департаментінің көші-қон қызметі және Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті филиалымен бірлескен мобильді  топтар құрылды.  

– Бірлескен мобильді топтарды құрудағы мақсаты – карантин кезінде құжаттарының қолданылу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға тұрғылықты мекенжайында жеке куәлікті ресімдеуге көмек көрсету. Бірлескен мобильді топтар 13 мамырдан бері  121 адамға көмек көрсетті, - дейді Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Руслан Әділов.

Оның айтуынша, құжаты рәсімделгендердің арасында денсаулығы нашар,  көшеде өз бетінше жүре алмайтын зейнеткерлер мен әлеуметтік төлемдерді алушылар  бар.