• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2020

Карантинде тигізген көмек ұмытылмайды

111 рет
көрсетілді

СҚО-дағы Ғабит Мүсірепов ауданының Червонное ауылы облыстағы коронавирустық инфекция ошақтарының біріне айналған. Осы  шағын ауылдан ғана мамыр айында 3 инфекция жұқтырған адам табылды. Олар үшеу ғана болғанымен жұқтырушылар көп болатыны белгілі. Ал ауыл тұрғындарына қаладағыдай қатаң карантиндік талап орната алмайсың. Бір-бірін жақсы білетін тұрғындар індетті елемей, режімді сақтамай жүре береді. Осы жағдайды ескеріп облыстық Полиция департаментінің басшылығы жедел қимылдайтын арнайы жасақтың он қызметкерін аудандық полиция бөліміне көмекке жіберген еді.

Олар аудан полицейлерімен және медицина қызметкерлерімен бірге блок-бекеттерде қызмет етіп, елді мекенді патрульдеуге қатысып, оқшаулануды сақтау қажеттілігін түсіндіріп және оның орындалуын қамтамасыз етті. 15 күн бойы осындай тәртіп орнатылған соң індет тарамай, ошағы болған тұрғындар емделіп жатты.

Ауылды оқшаулау аяқталғаннан кейін аудан әкімі Ағзам Тастеміров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Айдос Ыдырысов көрсеткен кәсіби шеберліктері мен көмектері үшін жедел топтың мүшелеріне алғыс білдірді. Аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы өзінің сөзінде: «Біз сіздердің аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Карантиндік шектеулерді қатаң сақтағанның арқасында қауіпті індеттің таралуына жол берілмеді», деді ол. Жедел топ мүшелерімен қатар полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Біржанов, учаскелік полиция инспекторлары Дәуренбек Молдахметов, Дмитрий Смола, аға Данияр Сәуленбеков, жедел уәкіл Айдархан Шаршенов те марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыс

Ғ.Мүсірепов ауданы