• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2020

Тараздықтарға 3000-нан астам медициналық маска таратылды

133 рет
көрсетілді

Бүгінде әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індетін жұқтырғандар саны Жамбыл облысында 200-ден асты. Өңірде қазіргі кезде карантиннің барлық талаптары сақталуда. Сонымен қатар, тараздық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Елімізде төтенше жарияланған күннен бастап жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен мыңдаған медициналық маскалар тігіліп, халыққа тегін таратылған болатын. Бүгінгі таңда да көне шаһарда бұл бастама жалғасын табуда.

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың бастамасымен бүгін қалада бетпердесіз жүрген азаматтарға 3000-нан аса медициналық маскалар тегін таратылды.

Медициналық маскаларды тарату жұмыстарына жергілікті волонтерлар тартылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін медициналық маскалар Тараз қаласының барлық аумақтарына таратылды.

Жамбыл облысы