• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан автобустары линияға шығар алдында толық дезинфекциядан өтеді

139 рет
көрсетілді

Қоғамдық көліктің жандануына байланысты автобустар мен аялдамаларда күнделікті дезинфекция жасалынады. Линияға шығарылар алдында әр автобус дезинфекцияланады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, жолаушыларға қоғамдық көлікте маскасыз жүруге тыйым салынды. Көліктік бақылау Департаментінің қызметкерлері күнделікті тексеру жүргізеді. Олар автобус салонында петберде тағу міндеті туралы Бас санитарлық дәрігердің Қаулысын орындауды бақылайды.

Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күндері қала бойынша сағат 6.00 мен 22.00 аралығында қалалық автобустар қатынайды. ТЖ-ға дейін жолаушылар ағыны 700 мыңнан асатын болса, қазір 300 мыңнан астам.

Соңғы жаңалықтар