Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 5 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Coronavirus2020.kz хабарлады.
Шымкент қаласында ‒ 2 адам, Батыс Қазақстан облысында ‒ 2 адам және Қызылорда облысында ‒ 1 адам жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды. Қазақстан Республикасында барлығы 126 емделуші реанимациядан жалпы бөлімге ауыстырылған.