• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Премьер-Министр Жетісудағы жобаларға баға берді

144 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы Жетісуда жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың жай-күйін зерделеп, өңірдегі құрылыс нысандары мен ауыл шаруашылық өндірісінің жұмысымен танысты.

Осыдан 10 жыл бұрын апатқа ұшыраған Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмысы биыл аяқталып, қолданысқа беріледі. Қазір Ақсу ауданы аумағындағы нысанның негізгі құрылыс аяқталуға жақын. Қызылғаш су қоймасының іске қосылуы аймақтағы суармалы егіс алқаптарының көлемін көбейтуга мүмкіндік бермек. Су қоймасы толқы іске қосылғаннан кейін Бір ғана Ақсу ауданындағы суармалы егістік алқабы бірден 7 000 гектарға артады екен. Ал таудағы тоспаның сиымдылығы 42 млн текше метр шамасында. Жұмыс сапары аясында Премьер – Министр Асқан Мамин Ақсу ауданына арнайы барып, Қызылағаш су қоймасының құрылысын көзбен көрді. Құрылыс нысанындағы жұмыс 90 пайызға орындалған. Тоспа құрылысынң сапасына назар аударған Үкіметбасы қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына мән беруді айтты. Сондай-ақ, өңірдегі суармалы жерді тиімді игеріп отырған Жетісу шаруаларының еңбегіне сәттілік тілеген Асқар Мамин агросектордың дамуына қажетті мемлекеттік қолдаудың іркіліссіз жүріп жатқанын айтты. Оның нәтижесі Алматы облысында нақты іспен көрініс табуда. Бүгінде өңірде 356 гидротехникалық құрылғы жұмыс істеп тұр. Жалпы ирригациялық желінің ұзындығы 16,6 мың шақырымға жетеді. Нәтижесінде, аймақтағы егістік алқаптарын сусыз қалған емес. Оның үстіне каналдарды, тоғандар мен гидротораптарды жөндеу және реконструкциялау жұмысы күн тәртібінде тұр. Есесіне, егіс алқаптарының көлемі жыл сайын артып келеді. Іс осы қарқынмен жалғасса, 2028 жылға қарай Жетісуда 137,8 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу мүмкін болмақ. Биылдың өзінде су шаруашылығы нысандарын дамытуға облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлініп, оның 1,4 млрд теңгесі 9 нысанды күрделі жөндеуге жұмсалуда. Облыста Ислам даму банкінің қаражаты есебінен де суару желілерін реконструкциялау жұмыстары Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарында жүріп жатыр.

Алматы облысының еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі алатын орны маңызды екенін атап айту керек. Жұмысты жүйелі ұйымдастыру мен мемлекеттік қолдау облыстың ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына ұласып отыр. Бұған осы сапарында Премьер-Министр Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарының жетекші шаруа қожалықтарының тәжірибелік демонстрациялық алаңдарын, тауарлы сүт фермаларын және материалдықтехникалық базасын аралаға нкезінде көз жеткізе түсті. Аудандағы шаруашылықтарда болға нкезінде Асқан Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары таныстырылды. Жалпы, биыл Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Өткен төрт айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,3 пайызға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 14,2 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырған облыс өнеркәсібіндегі дайын өнім экспорты 27,6 пайызға көбейген.

Жетісу жеріндегі құрылыс жұмысының бәсеңдемегіне біраз жыл болды. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы қарқынды. Өткен жылы  өңірде 894,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Оның ішінде 685 әлеуметтік үй салынып, аз қамтылған әлеттер мен көп балалы отбасылар қоныс тойын тойлады. Жалпы, қазіргі сәтте тұрғын үй  кезегінде 50,6 000 адам тізімдеулі тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта биыл 40,8 млрд теңге игеріліп, баспана құрылысы серпінмен дамиды. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 938,8 мың шаршы тұрғын үй салу жоспарланған. Нәтиже бар, мысалға жыл басынан бері 266,9 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Премьер-Министр Асқар Маминнің Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында көзбен көріп, көңіл тоғайтқанмен шаруаның бір осы құрылыс жайы болса керек. Үкіметбасы Талдықорған қаласындағы тұрғын үй инфрақұрылымының дамуына, өңірді газдандыру жұмысының барысына, сондай-ақ «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының іске асуына жоғары баға берді.

Айтпақшы, Алматы облысында ж COVID-19 инфекциясын жедел анықтайтын жетінші зертхана іске қосылмақ. Үкімет мүшелерінің аймаққа сапары аясында вице-премьер Ералы Тоғжанов Талдықорғандағы орталықтандырылған медициналық зертхананы аралап, көрді. Құрылысы аяқталған ғимаратты маусым айында ашу жоспарланған. Медициналық мекеме облыстағы жетінші зертхана, сондықтан № 7 зертхана ретінде жұмысқа кірісетін болады. Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған алты зертханада тәулік сайын 2,5 мың адамға COVID-19 инфекциясын анықтауға байланысты қызмет көрсетугке қауқарлы. Ал қазірге дейін облыстың 38 мыңнан астам тұрғыны сынама тапсырған екен.