• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Атырауда карантин мерзімі 8 маусымға дейін жалғасады

385 рет
көрсетілді

Соңғы тәуліктерде Атырауда қауіпті індетке шалдығушылар қатары азаяр емес. Тіпті, бұл індет Исатай, Махамбет, Жылыой, Құрманғазы, Индер аудандарының тұрғындарынан да анықталып жатыр.

Бұл әрине, баршаны алаңдатары даусыз. Облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев  карантин мерзімін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

– Атырау облысы аумағында шектеу шаралары, Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданы, Мақат кентінде  карантин режимі 2020 жылғы 8 маусым  сағат 07:00-ге дейін cозылсын. 2020 жылғы 25 мамыр сағат 07:00-ден 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау облысының жедел штабымен бекітілген блок-посттарды кесіп өту ережелерінде көрсетілген жағдайлардан тыс, Атырау қаласының карантиндік аймақтарына кіріп-шығуға тыйым салынсын, - делінген қаулыда.

Сондай-ақ сағат 23:00-06:00 аралығында Атырау қаласында, сағат 21:00-06:00 аралығында Жылыой ауданында, сағат 20:00-6:00 аралығында Мақат ауданындағы Мақат кентінде азаматтар мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынып отыр.