• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан облысында тағы 2 адам індет жұқтырды

565 рет
көрсетілді

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Шығыс Қазақстан облысында тағы 2 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Вирусты жұқтырғандардың бірі өңірге сырттан келген. Ол 2000 жылғы студент, Ресей Федерациясынан келген. Новосибирск қаласынан тұрғылықты мекенжайы Алматы облысына «Ауыл» СКП арқылы қайтқан. Жұқтыру жағдайы карантиндеу және тексеру орны бойынша Аягөз ауданына жатқызылды. Бұл азаматпен қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды.

Екінші жергілікті жағдай Семей қаласында тіркелген. 1963 жылғы ер адамда ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады. Науқастан 38-жағдайдың карантин мерзімінің аяқталуына байланысты жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде ПТР анализдері алынған болатын, денсаулығына шағымы жоқ.

Алдын ала жүргізілген эпидемиологиялық тергеу бойынша 6 байланыс жасаған адамы бар 1 ошақ анықталды.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 62 адам тіркелді.