• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 90 адамнан COVID-19 белгісі табылды

437 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 90 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зерханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пациенттердің ішінде 60 адам бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған екен. Ал 24 адамның індет жұқтырғаны КВИ-ге скрининг жасау нәтижесінде анықталды.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарларға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысында 23 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 562 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас індеттен көз жұмды және 190 адам жазылып шықты.