- Мұсылман қауымы үшін ең ұлық мейрамдардың бірі - қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Отыз күн ораза ұстаған жандар бүгін бір-біріне жақсы сөз арнап, бір-бірінің амандығын тілеуде. Мен де баршаңыздың отбасыңызға бақ пен береке дарысын деймін.
⠀
Биыл Рамазан айында бүкіл әлемді жайлаған коронавирус инфекциясымен арпалысуға тура келді. Алайда, халқымыздың бойындағы сабыр мен төзім деген қасиеттердің арқасында және дәрігерлердің көмегімен бұл қиындықты да жеңетінімізге сенемін.
⠀
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жетейік. Әр шаңыраққа шаттық пен зор денсаулық тіледім! - делінген құттықтауда.