• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2020

Қазақстанда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейді

1604 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстан халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша елімізге келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін, авиакомпаниялар экипаждарын және локомотив бригадаларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстанға шетелден келетін барлық адамдарды, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауланады.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады; 

Қазақстанға шетелден келген Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Теміржол, теңіз көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер шекараны кесіп өткен орындарында COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатқызылады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Қаулының толық мәтіні комитеттің сайтында жарияланған.