• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Мамыр, 2020

Қырғызстан Парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

213 рет
көрсетілді

Бүгін Қырғызстан Парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаев 70 жасында коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

М.Чолпонбаев ауруханаға 5 мамырда түскен. Жағдайы күрт нашарлаған соң 12 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылған. Өкінішке қарай, бүгін сағат  12:10-да қайтыс болды. 

«Экс-спикердің екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі сияқты бірқатар асқынуы болды. Сондай-ақ оның жүрек, бүйрек аурулары болған», - делінген хабарламада.

Өткен тәуліктегі деректер бойынша Қырғызстанда тағы 38 адам індет жұқтырды. Жалпы елде 1403 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 275 адам медицина қызметкерлері. 980 адам емделіп, ауруханадан шықты, 15 адам қайтыс болды.