• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2013

Футбол. Премьер-лига. 28-тур. Топ басындағылар жеңіске жетті

360 рет
көрсетілді

Бүгін, 29 қыркүйек күні еліміздің 6 қаласында Премьер-лига командалары арасында 28-турдың ойындары ойналды. Турда 1-6 орындар үшін таласушылар арасында алғашқы үш орынды алып келе жатқан командалар түгел жеңіске жетті. Атап айтқанда, бірінші орындағы «Ақтөбе» Алматыда ойнағанына қарамастан, жергілікті «Қайраттан» 1:0 есебімен басым түсті. Рас, мачтың бірінші бөлігі негізінен алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Дегенмен, қонақтардың бұл уақыт аралығында да гол соғып, алға шығуға зор мүмкіндігі болды. Олардың қақпаға қарай ұрған екі добының нәтижелі аяяқталуына сәл ғана дәлдік жетпей қалғанын аятпағанда, бір рет тіпті он бір метрлік айып добын да пайдалана алмады. Дұрысы, Александр Генрих ұрған пенальти дарбаза аумағына туралап та барған жоқ. Мұның есесіне, ақтөбеліктер екінші таймда біршама белсенді ойнады. Бірақ олар ойындағы жалғыз голды алғашқы 90 минутта емес, оған қосылған бірінші минутта соқты. Шымкентте «Ордабасы » турнир кестесінде екінші болып келе жатқан «Астананы» қабылдап, 0:2 болып ұтылды. Осымен шымды шаһардың шандоздары қатарынан үшінші мәрте жеңіліп отыр. Ал кестенің үшінші сатысында тұрған Павлодардың «Ертісі» өзінің ізін басып келе жатқан «Шахтермен» ойында жеңісті ең соңғы минуттарда тартып әкетті. Онда тіпті қонақтар бірінші болып есеп ашты. Дегенмен, көп ұзамай алаңдағы жағдайды теңестірген алаң иелері ойынды жеңіске дейіп апарып аяқтады. Енді ойындардың нәтижелерімен таныс болыңыздар: «Восток» (Өскемен) – «Ақжайық» (Орал) 2:0 Голдар: Эрбес (36), Костюк (79, пенальти) «Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана) 0:2 Голдар: Қонысбаев (8), Твумаси (75) «Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:1 Гол: Бадло (90+1) «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1 Голдар: Чисулин (78), Мурзоев (88) – Жолшорин (70) «Тараз» (Тараз) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:1 Гол: Тілешов (3) «Атырау» (Атырау) – «Тобыл» (Қостанай) 0:0 Келесі турдың ойындары 5 қазан күні ойналады. Бұл екі ортада, 2 қазан күні Қарағандының «Шахтері» Астанада Еуропа лигасы топтық ойындарының 2-турында Израильдің Хайфа қаласының «Маккаби» командасын қабылдайды. Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар