Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 209 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 2,5%).
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын Жамбыл облысында 33 адам (12,7%), Батыс Қазақстан облысында 28 адам (7,3%), Шығыс Қазақстан облысында 4 адам (6,5%), Қарағанды облысында 33 адам ( 5,9%), Павлодар облысында 10 адам (5,6%), Ақтөбе облысында 6 адам (2,2%), Қызылорда облысында 6 адам (2,1%), Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам (2%), Алматы қаласында 37 адам (1,7 %), Қостанай облысында 2 адам (1,7%), Атырау облысында 12 адам (1,4%), Алматы облысында 4 адам (1,4%), Ақмола облысында 1 адам (0,7%) және Маңғыстау облысында 1 адам (0,6%) жұқтырды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 8 531 адам анықталды. Олардың ішінде:
Алматы қ. – 2201,
Нұр-Сұлтан қ. – 1630,
Атырау облысы – 891,
Шымкент қ. – 606,
Қарағанды облысы – 595,
БҚО – 414,
Түркістан облысы – 315,
Жамбыл облысы – 292,
Қызылорда облысы – 289,
Алматы облысы – 288,
Ақтөбе облысы – 276,
Павлодар облысы – 187,
Маңғыстау облысы – 167,
Ақмола облысы – 146,
Қостанай облысы – 122,
ШҚО – 66,
СҚО – 46.