• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Зеренді құс фабрикасы жетіліп келеді

341 рет
көрсетілді

Ауданда өндірістік қуаты жылына 2,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика жұмыс істеп тұр. Былтыр құс еті жарты жыл тестілеуден өтіп, қазір толығымыен ішкі нарыққа ұсынылуда. Бройлер тауықтары Голландиядан жеткізілген.  

–Құс еті Көкшетау қаласы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жіберілуде. Жылына 2,5 мың тонна ет өндіреміз, дейді  «Blicterminal» серіктестігінің құрылтайшысы Ербол Жуаров.

Өндіріс орны жоғары сапалы өнім ұсынуда. Ол үшін фабрикада барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар Германиядан алынған. Негізгі өндірілген өнім мұздатылған құс еті.

–Бройлер тауығы жалпы 42 күн өсіріледі. Сапасы жоғары. Құс жемін аудандағы диқандардан сатып аламыз. Толығымен тексеруден өтеді, дейді «Blicterminal» серіктестігі құс фабрикасының директоры Динара Мәлғаждарова.

Фабрика құрылысы 2018 жылы басталып, былтыр қолданысқа берілген. Кәсіпорынның жалпы құны 1 млрд 300 мың теңге. Аталмыш  құс фабрикасы жүзге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы жоспар-өндірілетін өнім сапасын арттырып, санын көбейту.

 

 

Ақмола облысы