• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Павлодарда кәсіпорындар шығыны өтелген

403 рет
көрсетілді

Індет пен еліміздегі төтенше жағдай уақытында еліміздегі кейбір кәсіпорындардың жұмыстары азайып, кейбірі тоқтап та қалды. Ал, карантин кезіндегі шығындарды өтеу үшін қандай шаралар жасалады деген сұрақ та жеткілікіті.

Бұған жауапты еліміздегі «QazIndustry» Индустрия және экспорт орталығы» АҚ бере алады, ол сізді бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету бағыттарымен таныстырады.

Орталық өкілі Аслан Бекбергеновтің айтуынша, елімізде өнеркәсіптік кәсіпорындарға технологиялық шешімдерден бастап сертификаттауға, экспортқа және цифрлы технологияларды енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде көмек көрсетіледі. А.Бекбергенов «cash back» алған, шығындарын өтеткен бірқатар кәсіпорындарды мысалға келтірді.

Яғни, елімізде өткен жылы «Еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69 кәсіпорыннан құны 779,15 миллион теңгенің 122 өтінімі бойынша шығындар өтелген. Ал, «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға шығару» бағыты аясында 139 кәсіпорыннан 3,9 млрд. теңгеге 179 өтінім бойынша шығындар өтеліпті.

Өткен жылы өңірімізде «Павлодар тұз компаниясы», «Егер» ЖШС серіктестіктерінің өнімді экспорттау кезінде жұмсалған көлік шығындары мемлекет тарапынан өтелген. Екібастұздағы «Проммашкомплект» ЖШС-іне жұмысқа шетелдік мамандарды тарту шығындары да төленіпті.

Сонымен бірге,  «TROYA» ЖШС-іне монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша шығындары өтелген. Сондықтан, экспортқа өнім шығарушылар 1 маусымына дейін мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады. Ал, мамандарды оқытуға, кәсіпорындар жұмысына шетелдік мамандар тартуға байланысты шығындар да орталық арқылы өтеледі.

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну ережелері www.qazindustry.gov.kz. сайтында берілген.

- Қолдау көрсетілетін кәсіпорындар қатарына барлық санаттағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары кіреді. Бірақ нақты талаптар бар. Еңбек өнімділігін арттыруға байланысты кеткен шығындардың бір бөлігін қайтарып алу үшін кәсіпорын қызметін экономиканың басым секторларында кемінде 1 жыл жүзеге асыруы қажет. Ал экспорттық шығындарды өтегісі келетіндер отандық өңделген тауарларды өндіруші немесе өндірілген өнімді өткізетін оның еншілес компаниясы болуы қажет, - дейді А.Бекбергенов. Өтінім берушілер орталықтың мамандарынан кәсіби кеңес ала алады. Әр өңірге менеджер-кеңесшілер айқындалған. Мемлекет экспорттаушылардың өнімдерін шетелде жарнамалауға, олардың шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуларына, ақпараттарды шет тілдеріне аударуға және арнайы каталог шығаруға, өнімді шетелде сертификаттауға, қойманы, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты шығындарды өтейді.

 

Павлодар облысы