• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 33 тұрғын COVID-19 жұқтырды

364 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде ПТР-зерттеудің нәтижесінде 33 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пациенттер бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг нәтижесінде белгілі болды. Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарларға жатқызылған. Індет ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Бүгінге жеткен мәліметтер бойынша, Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 595 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас індеттен қайтыс болып, 190 адам жазылып шықты. 

 

Қарағанды облысы