• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Мамыр, 2020

Шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несиелер берілді

829 рет
көрсетілді

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарлама басталған сәттен бүгінгі күнге дейін банктер арқылы 1116 шағын және орта бизнес нысаны шамамен 160 млрд теңгеге несие алған. Несие алушылардың ішінен көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басы

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша қолға алынған. Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.