Сәби бас миының шайқалуы, сүйектерінің сынуы белгілерімен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Реаниматолог және нейрохирург сәбиді қарап, шұғыл түрде ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта бүлдіршінде қансырау белгісі байқалмайды, сол себепті оған қан құю қажеттілігі жоқ.
24 мамыр күні Ақтауда осындай тағы бір жағдай орын алды. Бес жасар бала 26 ш/а көпқабатты үйдің бірінде төртінші қабаттан құлаған. Қазір науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімшесіне жатқызылып, тыныс алу аппаратына қосылған.
Бұған дейін де тағы бір бес жастағы баланың Шығыс ш/а екінші қабаттан құлап, медициналық көмекке жүгінген болатын. Абырой болғанда оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Осылайша соңғы екі аптада Ақтау қаласында үш баланың екінші, үшінші және төртінші қабаттан құлаған дерегі орын алып отыр.
Дәрігерлер ата-аналар өз балаларына мұқият қарауға шақырады, ең бастысы терезені ашып қоюға болмайтынын еске салады.