Бұл туралы ақжолтай ақпаратпен бөліскен өңірлік жедел штабтың мәліметінше, індеттен айыққандардың бәрі –Теңіз кенішінің жұмысшылары.
- Қазір үйіне оралған ер адамдардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Олардан коронавирус инфекциясына қарсы алынған тест теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады жедел штабтан.
Өңірде қауіпті індетті жеңіп шыққан пациенттердің қатары 233 адамды құрап отыр. Оның ішінде Теңіз кенішінің 156 жұмысшысы бар.