• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Катонқарағайда Дидахмет Әшімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

772 рет
көрсетілді

Фильмге жазушының туған жері, Алтайдың ғажайып табиғаты арқау болады.

Биыл - белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Катонқарағай ауданының тумасы Дидахмет Әшімханұлының 70 жылдығы. Осы мерейлі датаға орай қаламгердің туған топырағында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бастамасымен деректі фильм түсіру басталды.

Біз қазір Алтайда жүрген деректі фильмнің авторы, журналист Айнұр Омарға хабарластық.

«Қазір жазушының 70 жылдығына орай фильм түсіріп жатырмыз. Фильмге қаламгердің шығармаларындағы кейіпкерлер, туған жері, Алтайдың ғажайып табиғаты арқау болады.

Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығында негізінен ауыл өмірі қамтылғандықтан қаламгер туып-өскен мекенге арнайы келіп, жұмыс істеп жатырмыз. Фильм қаламгердің туған күнінде көрсетіледі деп жоспарланып отыр» дейді Айнұр Омар.

 Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы