Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтен Академия басшысы Дархан Қыдырәліге ұйымның 10 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаты келіп түсті. Бұл туралы TWESCO ресми сайты хабарлады.
«Халықаралық Түркі Академиясының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Қысқа мерзім ішінде Түркі академиясы маңызды халықаралық ғылыми іс-шаралар өткізді, түркологияның әртүрлі салаларында іргелі ғылыми еңбектер жариялады және түркі мемлекеттері арасындағы рухани интеграцияны нығайтуға елеулі үлес қосты. Ол түркі мемлекеттері арасындағы беделді халықаралық ғылыми орталыққа айналды.
Соңғы жылдары Академия қырғызтану ғылымын дамытуға, қырғыз мәдениетін түркі әлеміне және басқа елдерге таныстыруға, қырғыз ғалымдарын түркология әлеміне белсенді қатысуға шақырды. Біз бұл мүмкіндікті бағалаймыз.
Халықаралық Түркі академиясына алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін» деп жазылған хатта.
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының құрылғанына 10 жыл толды.