АҚШ президенті Дональд Трамп барлық жалақысын елдегі коронавируспен күрес қорына аударатыны жайлы мәлімдеді. Тіпті ол алғашқы маусым айлығын індетке қарсы вакцина дайындау орталығына аударыпта жіберген көрінеді.
Реті келіп тұрғанда айта кетейік, бұл лауазым иесі жылына 400-450 мың доллар жалақы алады екен.
«Мен індет басталған сәттен бері барлық жалақымды коронавируспен күрес қорына аударуды әдетке айналдырдым. Бұл менің азамат ретіндегі жеке шешімім» деп жазған екен АҚШ президенті өзінің Twitter парақшасына.
Жонс Хопкинс университеті таратқан мәліметке жүгінсек, АҚШ-та қазіргі таңда 1,64 млн адам коронавирусқа шалдығып, одан көз жұмғандар саны 98 мыңға жуықтаған.