• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Ақмолада «Участок» жедел алдын-алу шарасы өткізілуде

229 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тіркеуде  тұрған азаматтарға жаппай тексеру жүргізді. Тәртіп сақшылары «Участок»  жедел алдын-алу шарасын ұйымдастырып, 17 күннің ішінде полиция департаментінің  тұрақты бақылауында тұрған 11 мыңнан  астам азамат  тексерілген.

Облыстық полиция департаментінің есебінде тұрған адамдар әркез  тәртіп сақшыларының жіті назарында. Шара барысында 5 мың астам әуесқой аңшылардың үйлеріндегі қаруларды сақтау жайы тексерілді.

– Облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын-алу мақсатында 5-ші  жән 31 мамыр аралығында «Участок» іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шара әкімшілік учаскелерде тұратындардың және тізімдік есепте тұрған адамдардың нақты санын анықтауға бағытталған. Бүгінгі күні облыс бойынша есепте тұрған  10 мыңнан астам  тұлға бар. Шара барысында 1200 пәтер тексерілді. Заңсыз берілген 204 жалдамалы пәтер анықталды,–дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руслан Мұсаев.

Ішімдікке салынып, нашақорлыққа құмартқандар жандарда  назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, мерзімінен босатылған азаматтарда арнайы қадағаланады. Тәртіп сақшылары ай сайын олармен жеке кездесулер ұйымдастырып тұрады. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.