• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Шаруалар малдың жем-шөбіне ғана мән береді - мал дәрігері

518 рет
көрсетілді

Өңір ветеринарлары мал шаруашылығы саласының өкілдеріне жаңа ғылыми негіздеме ұсынып отыр. Бұл өңірдегі мал басының үлес салмағында шетелдік асылтұқымды жануарлардың саны артуымен байланысты.

Сондай-ақ, мамандар көктемгі кене мен өзге де жәндіктерге қарсы профилактикалық шаралардың тиісті деңгейде орындалмауына алаңдауда. Бұл  салада ғылымның үлесі әлдеқайда азайған.

– Шаруалар малдың жем-шөбіне ғана мән береді. Жақсы өнім алу үшін бұл жеткіліксіз. Маман ретінде біздер екпе егуді назардан тыс қалдырмауға кеңес береміз. Қазір көптеген шаруа қожалықтары алыс-жақын шет елдерден асыл тұқымды мал әкелуде. Ал оның жерсінуі, бізде таралған ауруларға қарсы иммунитетінің қалыптасуы маңызды. Сондай-ақ, шетелден әкелінген малмен бірге аурулары да бірге келеді. Мұны да ескеру қажет,–дейді мал дәрігері Жанғабыл Әкімбаев.

Шеттен келген малды шетелдік дәрі-дәрмексіз бекерге шығындап алуыңыз ықтимал. «Асыл Көкше зооветснаб» серіктестігі Еуропа мен АҚШ-тың әйгілі ветеринарлық компанияларының ресми өкілі. Мамандар коммерциямен қатар ғылыми көмек көрсетеді. Ветеринарлар мал ауруларының да жыл санап өзгеріп отырғандығын ескертеді. Сол себепті, ауыл тұрғындарының жеке мал басына да қауіп бар.

 

Ақмола облысы