Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Түлкібас ауданының 1992 жылғы, Сайрам ауданының 1998 жылғы, Мақтаарал ауданының 1950, 1977 жылғы, Төлеби ауданының 1988 жылғы, Түркістан қаласының 1951, 1990, 1991, 1992 жылдары туған тұрғындарынан анықталды.
Сонымен қатар вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Түркістан қаласының 1952, 1956, 1981, 1989, 2001, 2013, 2015, 2018 жылғы тұрғындарының сынамасы олардың да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 25.05.2020 ж. мәліметке сәйкес Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны — 332, жазылып шыққандар саны 182-ге жетті.