«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жарқайың ауданында Ақпан Үкібаев атындағы орта мектеп пен білім ошағы жанындағы интернатқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мақсатқа 240 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақпан Үкібаев атындағы орта мекепке жөндеу жүргізілуде. Орта білім беру мекемесінің интернат ғимараты жөнделіп, сыртқы әрлеу жұмыстары, аумақ қоршауын алмастыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 14 адам еңбекпен қамтылды.
Мектеп ғимараты 1963 жылы салынған. Соңғы жөндеу жұмыстары 2005 жылы жүргізіліпті. 15 жылда ғимарат ескіріп, мектептің коммуналдық жүйесі сыр берген. Жаңа жобалық құжаттама бұл кемшіліктерді толық жоюға бағытталған. Мектеп 320 оқушыға шақталған. Нысан қыркүйек айында дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.