• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Жетісуда жұқпалы індетке шалдыққандар саны 300 адамға жетті

326 рет
көрсетілді

Осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 жағдай тіркеліп, науқастардың жалпы саны 300 адамға жетті.

Бүгін анықталған 12 науқастың жетеуі Талғар ауданының, төртеуі Талдықорған қаласының және біреуі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары екен.

-Өкінішке қарай облыс аумағында жұқпалы індетпен ауырғандар саны 300 адамға жетті. Бүгін анықталған 12 науқастың он бірі бұрын  коронавирус инфекциямен ауырған адаммен байланыста болғандар, ал біреуі 1 профилактикалық тексеру кезінде белгілі болды, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.