• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Ақтауда 94 жастағы науқастың жамбас сүйегіне ота жасалды

202 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жармыш ауылының тұрғыны облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауруханаға түскенде сол жақ жамбас буыны ауыратынын айтқан ақсақал, нәтижесінде төсекте жатуға мәжбүр, өйткені еркін тұрып жүруі қиындай түскенін алға тартты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев айтып берді. Оның айтуынша, науқасты хирургияға қабылдау туралы шешім ұзақ ойланбастан қабылданды.

Ота сәтті өтті. Науқастың қазіргі жағдайы жаман емес, өзін жақсы сезінеді және қайтадан бұрынғы қалпына келу бойынша емделу процедурасын жалғастырып жатыр. Жақын арада науқас үйіне жіберіледі. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық.

-Науқас үйде жүріп жарақат алған, яғни құлаған. Алдымен емшіге барып қаралған, бірақ бұл жерде медицина араласпаса болмайтын болды. Алдымен Шетпе ауылындағы орталық аудандық ауруханасына барған, сондан соң облыстық ауруханаға жіберілген. Ең бастысы біздің дәрігерлер барын салды, тиісті ем-дом шараларын қолға алған болатын, нәтижесі көз қуантарлық. Науқастың жасы жүзге таяп қалды, соған қарамастан ол өзін жақсы сезінеді. Мұндай отаны кейде жастардың өзі ауырсынып жатады, дейді ол.

Бұған дейін хирургтер осындай отаның жүзге жуығын жасаған. Ал хирургиялық отаның бұл түрі кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында жасалады.

 

Маңғыстау облысы