• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Атырау: Қауіпті індетке шалдыққандар 900-ден асты

358 рет
көрсетілді

Бүгін өңірдік жедел штабтың хабарлауынша, тағы  32 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталып отыр.

– Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 28 жұмысшысы бар. Оның 21-і – ер адам, біреуі – әйел. Тағы төрт жағдай аудандарда тіркелді. Екеуі Құрманғазы ауданының, біреуі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының, тағы біреуі Мақат ауданының тұрғыны, - деп хабарлады жедел штабтан.

Штабтың мәліметіне сүйенсек, бүгін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 923 адамға жетті. Оның ішінде 809 пациент – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал, Атырау қаласында – 75, Жылыой ауданында – 17, Құрманғазыда – 8, Мақатта – 7, Исатайда – 5, Махамбетте – 1 және Индер ауданында 1 дерек тіркелген.

Бүгінге дейін Атырауда 233 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.