• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Мамыр, 2020

Науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді

650 рет
көрсетілді

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова COVID-19 науқасымен байланыста болғандар 2 топқа бөлінетінін айтты.

Қазір науқастар жақын байланыста болғандар және ықтималды байланыста болғандар деп бөлінеді.

Жақын байланыстағылар – бұл науқастың жанында 15 минутқа дейін 1,5 метрден аз қашықтықта болғандар.Ықтималды байланыстағылар науқастың жанында 15 минуттан аса уақыт 1,5 метрден ұзақ қашықтықта болғандар.«Жақын байланыстағылар ПЦР тесттен өтуге міндеттеліп, карантиндік стационарға жатқызылатын. Енді олар тестілеуден анықталған кезде және карантиннен шыққан кезде өтеді. Осы орайда оларға үйде жатуға мүмкіндік беріледі. Тек ол адамдар 14 күн бойы үйде болатыны туралы қолхат жазып беруі қажет. Ықтималды байланыстағылар COVID-19-ға тестіленеді, бірақ қазір олар симптомдары болмаса да оқшауланбауы мүмкін», - деді А. Есмағамбетова.