• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық сот отырысы басталды

356 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанайда қызмет бабында қаза тапқан полиция аға сержанты Дархан Базарбаевтың өліміне қатысты қылмыстық сот отырысы басталды.  

Полиция сержанты 19 қаңтарға қараған түні қызметтік борышын атқару үстінде қаскөйдің қолынан мерт болған еді. Өз отбасын қырып-жоймақ болып қоқаң-лоқы көрсеткен 28 жастағы Тобыл қаласының тұрғыны шақыртумен барған Дарханға  пышақ ұрып алған.  Санаулы минут ғұмыры қалғанына қарамастан полиция сержанты қаскөйді байлап-матап, отбасына төнген қауіптің алдын кесті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем полиция сержантының өміріне араша бола алмады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару барысында ерлік пен жанқиярлық көрсеткен Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Тобыл қаласының бұрын сотталған 28 жастағы тұрғыны ҚР ҚК 99 бабының 2-бөлімі бойынша айыпталуда. Сот онлайн режімде өтіп жатыр. Алғашқы сот отырысында куәлардың айғағы тыңдалды.

Қостанай облысы