Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында блок-бекетте мас жүргізушінің салдарынан қаза тапқан екі әріптесі Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасына екі миллион теңге көлемінде қаржы жинады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға маңғыстаулық полицейлерді бейжай қалдырмады, олар қаза тапқан әріптестерінің отбасыларын қолдауды ұйғарды. Ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев қызметкерлердің бастамасын қолдады. Полицейлер қаза тапқан офицерлердің әрбір отбасына миллион теңгеден екі миллион теңге жинады.
- Бұл қорқынышты жол-көлік оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады, бірақ біреу үшін бұл жай ғана өмір сабағы, ал біз үшін үлкен трагедия, орны толмас жоғалту. Біз қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларымен бірге қайғырамыз. Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің оқтарынан да, мас жүргізушілерден де қаза таппауын қалайды. Бұл қайғы-қасірет әрқайсымызға әсер етуі мүмкін, біз бірге боламыз, бір-бірімізге көмектесеміз және қолдау көрсетеміз, деді Жанарбек Төлеубекұлы.