Өңірлік жедел ақпарат штабы Жітіқарада 1965 жылы туған әйелдің коронавирустан көз жұмғанын хабарлады.
Бұрын індет жұқтырған науқаспен бір үйде тұрған азаматша Жітіқара аудандық ауруханасының КВИ-2 стационарында жатқан. Бұған дейін онкодиспансерде есепте тұрыпты.
23 мамыр күні одан COVID-19-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Рентген сәулесі арқылы науқастың қос өкпесінің қабынып кеткені анықталған. Жағдайы ауырлап бара жатқан соң әйел Рудный қаласының инфекциялық бөліміне жеткізіледі. Өкінішке қарай, науқас 25 мамыр күні көз жұмған.
Қостанай облысы