• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2020

«Жол картасы» - әлеуметтік саланы әлеуеттендіреді

130 рет
көрсетілді

Ақтауда Жол картасының инфрақұрылым  жобалары 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сынды әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі, ағымдағы жөндеу, қайта салу және құрылысын салу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы күрделі, ағымдағы жөндеу (газ, жылу жүйелері, суқұбырлары, канализация) және қаладағы инженерлік-көлік инфроқұрылымдарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу (автомобиль жолдары мен шағын аудандарды  абаттандыру жұмыстары.  

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д.Бегендіковтың айтуынша, Жол картасы шеңберінде бір мектеп салынып, 2 мектепке күрделі жөндеу, 12 мектеп және 4 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда және жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ 3 театр, 3 спорт нысаны, 4 әлеуметтік нысан, 3 колледж, 3 денсаулық сақтау мекемесі жөндеуден өтеді.