Ресей Федерациясының президеті Владимир Путин елдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. Кездесу барысында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдық мерекесіне арналаған шеруді алдағы маусым айының 24-і күні Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда өткізу туралы тапсырма жүктеді.
Өйткені, 1945 жылдың 24 маусым күні Германияны тізе бүктірген Жеңіс құрметіне орай маршал Георгий Жуков пен маршал Константин Рокоссовскийлар Қызыл алаңда парад өткізген болатын. Осы тарихи дата тағы бір еске түсіру мақсатында мерекелік шеру өтетін болды.