• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 27 Мамыр, 2020

Жыл сайын 100 ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн - Президент

248 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кемінде 100 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлу керектігін айтты.

«Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге әлі қауқарсыз. Мұны ашық мойындау керек. Ғылым кадрларын даярлау үшін, ең алдымен, оларға жағдай жасау керек. Сондықтан жыл сайын кемінде 100 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өткен отырысында.