• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Мамыр, 2020

Тауарлық газдың көтерме саудадағы шекті бағасы бекітілді

296 рет
көрсетілді

«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының арқасында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кезінде айтты.

Қызылорда облысынан басталатын «Сарыарқа» газ құбыры еліміздің астанасын, орталық және солтүстік өңірлерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін Энергетика министрлігі шекті көтерме бағаны 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 24 537 теңге мөлшерінде бекітті. 

Тауарлық газға шекті көтерме бағаны Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісу арқылы ұлттық оператордың тауарлық газды сатып алуға және тауарлық газды тасымалдауға кеткен шығындарына сүйене отырып, өңірлерді газбен қамтудың  экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, бекітеді.

Қазіргі уақытта магистральдық газ құбырына қосу үшін жергілікті атқарушы органдар (Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдіктері) газды одан әрі халыққа беру үшін газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.