Биыл Ақтауда 50 мың шаршы метр аумаққа көгал отырғызу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жаңа бастама болмақ. Осы уақытқа дейін шаһарда көктем айларында жас талдар мен гүл ғана отырғызылатын, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
2019 жылы қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3000 дана раушан гүлдер, 12 000 дана бұталар, 218 000 дана бір жылдық гүл отырғызылды. Биыл талдарды аз отырғызып, бұрынғыны сақтау мен барлығын күтіп баптауға ерекше көңіл бөлінбек. Жаңадан суару құбырларын шағынаудан периметрлері, саябақтар, скверлер және әуежай жолына орнатылуда. Бұл жұмыстар қаланың орталық жолдарында арнайы суару техникалар (водовоз) жүргізбей шағынаудан іштеріне жұмылдырады. Одан бөлек шағынаудан периметрлері, саябақтар, скверлерге органикалық тыңайтқыштар төселуде. Қалаға осы жылы тек 200-ден астам шырша тәріздес талдар мен орталық көшелерге бір жылдық гүлдер мен раушан гүлдері отырғызылуда, деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.
Сонымен қатар, биыл жасыл-желекті уақтылы суаруға да ден қойылуда. Тұрғындардың да шағымы жіті қадағалануда. Қала басшылығы әр сенбі сайын шаһарды аралап, мамандарға тиісті тапсырмаларды жүктеп отыр.
Биыл шаһардың жасыл желегін жайқалту мақсатында суару үшін үнемді тәсілдер енгізілуде. Әр ағаштың түп тамырына суарудың өзіндік арнайы, жаңа технологиялық әдістері пайдаланылмақ.
Гүл мен газон егілген жерлерге спринклерлық, яғни жаңбырша шашыратып суару әдісі қосылған. Алдымен, «Тобанияз» саябағына қолданылды. «Алдағы уақытта бүркіп шашу әдісі, яғни автоматикалық су жүйесі барлық саябақтарға қойылады. Таңертең және кешке суаратын болады.
Жалпы, шаһар бойынша 50 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру жоспарланып отыр. Қала аумағында 3 және 5 текше метрлік құтылар орнатылуда. Оларға үнемі су толтырылып, соның арқасында көк шөптер мен гүлдестелер әрдайым суға қанып тұрады.
-«Мүгедектерді қолдау қоғамы «Атамекен» ҚБ жақында ғана әуежай жолына осындай екі су бөшкесін орнатты. Ал қала ішіндегі шағын аудандардағы талдар, су тасымалдаушы көліктер арқылы суарылады, дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.
Көгалдандыру жұмыстарына 150-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда жұмысшылар саябақтағы бар ағашты суарып, ауырып тұрған ағаштарды емдеп, тамырына құрт түскен талдарды әктеу жұмыстарын атқаруда.