Елімізде COVID-19 жұқтырып, емделіп жатқан 7 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.
Оның ішінде: Алматы қаласы - 1, Атырау облысы - 2, Қарағанды облысы - 1, Маңғыстау облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 1, Жамбыл облысы - 1 науқас. Айта кетейік, Қазақстан Республикасында барлығы 152 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды.