• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Көкшетауда балаларға арналған алғашқы тіс емханасы ашылды

545 рет
көрсетілді

Жоба «Даму» қоры арқылы қаржыландырылды. Стерильді жарық кабинеттер, тісті бұрғылайтын аппараттың ызыңы мен емханаға тән иіс. Көкшетауда жаңадан ашылған стоматологиялық емхана заманауи әдістермен емдеуді қолға алып отыр.

– Балғындар қай тісінің ауырып тұрғанын айта алмайды. Олар жылайды, ал, көп ретте ата-анасы оның себебін түсінбей әлек болады. Ата-аналардың көпшілігі сондықтан, елордалық стоматологтардың көмегіне жүгініп жатады. Біз осы мәселені шешуді қолға алдық. Дені сау ұрпақ – елдің болашағы,–дейді балалардың тіс дәрігері Ғалия Ескендірова. 

Балалар емханасында 5 кабинет қазіргі заманғы техникамен жарақтандырылдған. Балғындар үшін төбеге теледидар орнатылған. Тағы бір жаңашылдық – тісті «Севоран» газымен емдеу.

Жобаның бір бөлігі «Даму қоры» мен қалалық бюджеттен қаржыландырылды. Жеңілдетілген несиелендірудің тиімді бағдарламасы осындай нысандарға бағытталған. 

– Балалардың тіс емханасын ашу туралы жоба бизнесті дамыту қолдауға қатысты бірнеше мемлекеттік бағдарламаның, сонымен қатар «Көкшетау бизнес» аймақтық бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Бұл мекемені ашу үшін 50 миллион теңге көлемінде несиелік қаржы қажет болды. Оның бір бөлігі, атап айтсақ, 35 миллион теңгесі «Көкшетау-бизнес» бағдарламасы арқылы»Халық банкінен» алынды. Бұл қалалық әкімшілікпен бірлескен «Даму» қорының бағдарламасы,–дейді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының жетекшісі Руслан Ахметов. 

Балалардың тіс емханасы балғын клиенттерін қабылдауды бастап кетті.