• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Ақмола облысында медициналық мекемеге реанимобиль көлігі сыйға тартылды

138 рет
көрсетілді

Таяуда Есіл аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңа құрылғымен толықты. Болат Өтемұратовтың қоры 70 миллион теңгеге жаңа аппарат  алып берді.

Медициналық мекемеге сыйға тартылған реанимобильде шұғыл көмек көрсетуге қажетті жабдықтың бәрі бар. Атап айтар болсақ, реанимациялық  және акушерлік жинақтар мен өкпені жасанды желдету аппараттары және басқа да құрылғылары.      

Аталған қор аудандық ауруханаға наркозды-тыныс алу аппараты мен  жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор сыйға тартқан. Бұл құрылғы жаңа туған нәрестелерге күтім жасаудың оңтайлы жағдайын  қамтамасыз етеді.  

 

Ақмола облысы