Кеше Көкшетау қаласының орталық бөлігіндегі кейбір аудандарға су беру уақытша тоқтатылды.
Таңғы сағат 9-дан бастап су құбырының магистральды желілеріндегі ілмекті арматуралар ауыстырылуда. Мамандардың айтуынша, бұл жұмысқа шамамен 13 сағат уақыт кеткен.
– Соңғы 10 жылда мұндай жұмыс жүргізілмеген, тіпті кейбір тұсы 20 жылдан бері ауыстырылмаған. Егер бәрін ауыстырсақ, біздің жұмысымыз жеңілдейді, екіншіден тұрғындар да қиындық көрмейді, – дейді «Көкшетау су арнасы» кәсіпорны су құбыры учаскесі бастығының орынбасары Ержан Игебаев.
Мамандар құбыр іске қосылғаннан кейін пәтерлерге судың келуін біршама күте тұру қажеттігін айтуда.