• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Мамыр, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында тағы 2 адам індет жұқтырды

151 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет Солтүстік Қазақстан облысында тағы 2 адамның індет жұқтырғанын хабарлады.

 

Вирусты жұқтырған 1988 жылы туған ер адам. 27 мамыр күні Омбы қаласынан М. Жұмабаев ауданының «Қарақоға» бекетіне келген. Жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейді. Онымен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

Екінші адам 1979 жылы туған ер адам, 27 мамырда Мамлют ауданының «Жаңажол» бекетіне РФ Екатеринбург қаласынан келді, дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.

Келген соң COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласының карантиндік стационарына орналастырылды.

Зертханалық зерттеу вирусты жұқтырғанын көрсеткен соң «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, денсаулыққа шағымы жоқ. Бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр.

Онымен жақын қарым-қатынаста болған 1 адам анықталды. Қазіргі уақытта нәтиже алғанға дейін ол адам карантиндік стационарда болады. Эпидемиологиялық тексеру қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 51 адам тіркелген.